Бой түзеу - әуелі ой түзеу
Ата-аналар қолдау орталығының жұмыс аясында «Қыз-ұлттың бой тұмары» ұйымының ұйымдастыруымен 8-9 сынып қыз балаларының арасында «Бой түзеу-әуелі ой түзеу» тақырыбында ашық алаң өткізілді.
Мақсаты: қыз балалар бойында әдеп пен сыйластық, тазалық пен адамгершілік мәдениетін қалыптастырып, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеп, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасаймыз.
Ашық алаңда бүгінгі күні өзекті мәселе болып отырған сұрақтарымызға арнайы маман иелері өз салалары бойынша жауап берді. Аяулы ана,ардақты әже Жанар Жаңабергенова өз ақыл кеңесін өмірмен байланыстыра отырып,түрлі мысалдар келтіріп қыздарға жеткізді.
Құқықтық кеңес беру орталығының директоры, Аманат партиясының құқықтың кеңес беру заңгері Қайырбекова Балжан Қожабековна және ҚПБ ЖПҚю ЮПБ полиция аға капитаны Ж.Б. Қарабалықова оқушыларға заң және құқықтық кеңес беріп ақпараттандырды. Мектеп аяжаны Жанна Ержанова қыз балаларыдың жеке бас тазалығы, ерте жыныстық қатынас, ерте жүктіліктің алдын алу жолдасһрын түсіндірді.
Қазақ қыздарының ішкі жан дүниесінің сұлулығына, мәдениеттілігіне, әдептілігіне өзге жұрттар таңдай қағып қарап, өздеріне үлгі етердей болуымыз керек. Бүгінгі таңда заман өзгеріп, өркениетке қадам бассақ та,ұлттық қасиетімізді жоғалтпаған қыздарымыз да көп. Иә, көпке топырақ шашудан аулақпыз. Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралады емес пе?! Ал бүгінгі қыз бала ертең сүйікті жар, аяулы ана екенін естен шығармағанымыз абзал болу керек деп мектеп президенті А. Мұқан шараны қорытындылады.









