Жастық жігері мен күш -қуатын сүйікті ісіне арнаған әріптестер
Әрқашанда іздену үстінде, үнемі жаңалықты ашу жолында
жүретін,ізденімпаз, креативті жас ұстаздарымыздың кезекті бас қосуы
ерекше өтті. Жастық жігері мен күш -қуатын сүйікті ісіне арнаған
әріптестер жан-жақтылығын кезекті мәрте дәлелдеді.
Бәріміз білетіндей, ХХІ ғасыр – ақпараттық технологияның дамыған,
креативтіліктің заманы. Заман кез келген адамнан әмбебеп болуды талап
етеді. Оның ішінде мұғалімдер де заман ағымымен бірге өзгеруі керек.









