Қазіргі таңда еліміздегі білім ошақтарында мектеп оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Сәйкесінше балаларға берілетін ыстық тамақтың сапасы мен құнарлылығына аса мән берілуі тиіс және мектеп оқушыларына берілетін тамақтың сапалылығы, ыдыс-аяқтың тазалығы, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, азық-түліктің құнарлы болуы үнемі назардан тыс қалмауы қажет.
Осы орайда мониторинг топ мүшелері мектептің қамқоршылық кеңес төрағасы Нұрлан Көбегенұлы, ата-ана комитеті өкілі Құламқадырова Салтанат мектеп асханасындағы барлық талаптардың сақталуы бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді. Негізгі бақылауға алынған шаралар.
Асхананың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуы;
Тамақ өнімдерінің сапасы;
Күнделікті ас мәзірдің сәйкестігі;
Рұқсат етілмеген тауарлардың сатылымда болмауы;
Ас-үй ыдыстарының, асхана аспаптарының жай күйі.
Мектеп асханасына мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі жүргізіліп отыратын болады.
{gallery}/it17/1{/gallery}


