Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінде 2023 жылдың 22 мамыр күні ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығының 109 тармағына сәйкес «Тегін тамақты ұйымдастыру және тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу» мақсатында мектеп әкімшілігі, мектептің ата-аналар комитеті мүшелерінің қатысуымен асхана жұмысына мониторинг жүргізілді.
Мониторинг жүргізу барысында асханада дайындалатын тағамдардың сапасына, тамақ өнімдерінің сертификаттарының болуына, асхана қоймасында азық-түліктердің сақталуына, асхана бөлмелерінің жалпы санитарлық жағдайына, күнделікті берілетін тамақтың ас мәзіріне сәйкестігіне бақылау жасалды. Мектеп асханасының жұмысы, яғни балалар тамақтанатын орын мен ас дайындау блогы күнделікті бейнебақылау арқылы қадағалануда.
{gallery}55/2{/gallery}



