Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Осыған орай, мектебімізде 1-9 МАУСЫМ "ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ" тақырыбындағы онкүндік жоспары аясында, "Балдәурен" күндізгі тынығу лагерь балаларына қамқоршылық кеңес мүшесі мен мектеп медбикесі "Тамақтану ережелері" туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
{gallery}55/3{/gallery}



