oC

Жас ұрпақтың салауатты денсаулығын қалыптастыру үшін оқушылардың мектеп қабырғасында дұрыс, толыққанды тамақтануы маңызды.

Қазіргі таңда еліміздің барлық білім беру ұйымдарында оқушыларға ыстық тамақ беру үздіксіз ұйымдастырылып келеді.

Осы орайда балаларға берілетін ыстық тамақтың сапасына және оның құнарлылығына аса мән берілуі керектігі мақсатында мектеп әкімшілігі және қамқоршылық кеңес мүшелері "Жалпыға міндетті оқу қорынан" берілетін бір реттік ыстық тамақ барысын және асханадағы тамақтану сапасына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Қамқоршылық кеңес төрағасы Н.Көбегенұлы бастаған бақылау комиссиясы ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуын, тамақ өнімдерінің сапасын, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттарының сақталуын және дайын тағам сапасын, сонымен қатар басты талап негізінде асхана барысындағы санитарлық- эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылау жүргізіп, қашанда балалардың тамақтану барысындағы қауіпсіздік шаралары үнемі басты назарда болуы керектігін атап өтті.

Сондай ақ мониторингтік топ мүшелерінің зерделеу жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.