Адам баласы үшін бірінші байлық саналатын денсаулықты күту дұрыс тамақтанудан басталады. Əсіресе, балалардың дұрыс тамақтануына айрықша мəн беру маңызды. Өйткені бала организмі үнемі өсіп, қарқынды даму үстінде болады.
Мектеп асханасындағы оқушыларға берілетін тегін тамақтың ас-мəзірін құрастырған кезде жеміс-жидек, көкөніс, сүт тағамдары, ыстық сорпа, тауық, сиыр етінен əзірленетін қою ас, аптасына бір рет берілетін балық еті, сондай-ақ түрлі жармадан əзірленген тағамдар болуы шарт.
Бүгінде мектеп асханасындағы тегін тамақ ұйымдастыру қалай жүзеге асырылуда, ас-мəзірі,ұсынылып отырған тағамдардың сапасы талапқа сай ма? Осы сауалдарға жауап іздеген қамқоршылық кеңес мүшелері Нұрлан Көбегенұлы, Алмас Қалдыбаев мектеп асханасына мониторинг жүргізді. Негізгі мақсат – оқушылардың тамақтану тəртібінің сақталуы, бекітілген мəзірдің болуы, сондай-ақ, мектеп асханасы рационының бірыңғай стандарттарға сəйкестігіне мониторинг жасап, олқылықтар мен кемшіліктер орын алған жағдайда ескерту, нұсқама беру жəне оны дереу түзетуге ықпал ету.
Мониторинг нәтижесінде асхана ішінің мұнтаздай тазалығы, тағамдардың талапқа сай екені анықталды.





