oC

Кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен “Кәсіподақ-күш, сенім, абырой” тақырыбында мектеп мұғалімдері арасында дүниежүзілік форматта финалдық пікірсайыс ойыны өткізілді.

Пікір-сайысқа жалпы 30 мұғалім қатысып, финалдық ойынға екі фракция жолдама алды,”Кемеңгер” және “Бірлік” фракциялары. Өзінің ұтқыр идеясымен, жалынды қарсылықтарымен ойында жеңіске жеткені үшін “Кемеңгер”фракциясы I орынмен, “Бірлік” фракциясы II орынмен марапатталды.

  Әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы оқу жылына сәттілік тілейміз!