ҚАЛЫҚТА ӘНІМ ҰСТАЗЫМ ДЕП!!!
Ұстаз – білім беруші ғана емес, қоғамдағы еңбекқорлық, жауапкершілік, мейірімділік, адалдық, әдептілік қасиеттерін қалыптастыратын көшбасшылар эталоны.
Құрметті ұстаздар!
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады!
Елімізде дәстүрлі түрде жыл сайын тойланатын, 5 қазан «Ұстаздар күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Даналық ұстаздан» атты челленджіне мектеп оқушылары қатыса отырып, барлық ұстаздар қауымына алғыс айтады!
Мерекелеріңіз құтты болсын, ұстаздар!



