oC

Ғалымнан ілім, Ұстаздан білім-дарынды шәкірт үлгісі.

 

БІЛІМ ҒЫЛЫМ НӘТИЖЕ "Ғылыми бағдар беру шеберханасы”

”Педагогикалық дизайн” кіші мектебі

”Жер елшілері” жобасы

Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебі

Іс шара мектеп ауласындағы “Метеостанция-метеорология” станциясының жұмысымен танысудан басталды. Аталған станцияда 3 жылдан бері ғылыми жобамен жұмыс жасап жүрген оқушы жыл сайын өзгеріске ұшырап отырған ауа райы құбылысымен, зерттеу жобасындағы жаңалықтармен таныстырып өтті.

10.10.2024ж күні өткізілген “Ғылым. Ізденіс. Жер елшілері”тақырыбындағы форсайт-сессияға Қорқыт Ата атындағы университеттің ғалым оқытушылары Ахатаев Н.А, Айдаров О.Т, Балықбаева Г.Т, Унгарбаева Г.Р және Қолданбалы хронобиология маманы, “ҚР уақыт өлшемі тәртібі туралы” ведмоствоаралық топ мүшесі Нұрқожаев Болат Жолтайұлы қатысты.

Мектептің Жаратылыстану пәні мұғалімдері заманауи білім берудің ұтымды үлгілерін көрсете отырып, балаларға экологиялық білім беруге баса назар аударды.

Геосфералық құндылықтар

Виртуалды киберхимия

Функционалдық сауаттылық-биотаным тақырыптарында ғылыми-тәжірибелік жұмыстар көрсетті.

”Уақыт белдеуі-Күн сағаты” туралы хронобиолог маманның дәрісі барлық қатысушылар мен оқушыларға қызықты, тың жаңалық ретінде танылды.

Нұрқожаев Б.Ж өзінің авторлық Хронобиология кітабын мектеп педагогтары мен оқушыларына табыстады.

Форсайт-сессияны қатысушы ғалымдар мен жұмыс көрсетуші топтар қорытындылады.

Ғалымнан ілім, Ұстаздан білім-дарынды шәкірт үлгісі.