Ұлттық валюта-ұлт мақтанышы
«Ұлттық валюта-ұлт мақтанышы» ТАНЫМДЫҚ САБАҚ
# "Еңбегі адал жас өрен "жобасы бойынша 15- қараша ұлттық валюта күніне орай," Ұлттық валюта-ұлт мақтанышы" тақырыбында танымдық сабақ ұйымдастырылды.
Танымдық сабақтың мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен теріңірек таныстыру және оқушыларға ұлттық теңгенің шығу тарихы жайлы түсінік беру. Өз Отаны - Қазақстанға деген мақтаныш сезімін ояту. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, ұлттық теңгемізді құрметтеуге үйрету.
Мемлекеттің егеменді ел екенін айқындайтын бірден-бір белгі − ақша айналымында өзіндік төл валютасының болуы. Бұл − мемлекеттің нағыз ел болып қалыптасқан нышаны. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді.





