oC

"Әйелдерге байланысты зорлық- зомбылыққа қарсы 16-күн"

#біртұтас_тәрбие

Мектебімізде 29- қараша күні әйелдер кеңесінің төрайымы Кенжеғараева Назиға мен кәсіподақ төрайымы Құтыбаева Манат "Әйелдерге байланысты зорлық- зомбылыққа қарсы 16- күн" акциясы аясында ұстаздар мен кіші қызметкері арасында пікір алысу іс- шарасын өткізді.

Мақсаты: Әйелдер мен балаларға жасалатын зорлық- зомбылықтың алдын алу, Ана мен бала құқығының бұзылмауына атсалысу, балалардың Бақытты отбасында бейқам өмір сүруін қамтамасыз ету.

Пікір алысуда зорлықтың түрлерімен( физикалық және эмоционалдық)

туралы мағлұматтар беріліп, олардан қалай сақтану керектігі және ұшырай қалған жағдайда қандай заңды орындарға жүгіну туралы түсініктер берілді.

" Әйелдерге қатысты зорлық азапқа әкеледі, осыған байланысты қарттар да, жастар да зардап шегеді және қоғамдағы кедейшілікке әкеледі. Ол әйелдердің барлық мүмкіндіктерін пайдалануға жол бермейді, экономикалық өсімді шектейді, дамуға нұқсан келтіреді "

Ұстаздар "Зорлық- зомбылықсыз отбасы ", "Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!", "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" бөлімдері бойынша өз пікірлерін ортаға салысты.Арнайы слайд, видеолар көрсетіліп, көрнекіліктер қолданылды.

Пікір алысу қыз-келіншектердің әдемі әнімен қорытындыланды .