oC

#біртұтас_тәрбие

Ормандағы оқиға ертегі

Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің құралы. Сондықтан өскелең ұрпақтың арасында өнердің осы бір түрін дамыту өте маңызды. Оқушылардың шығармашылығын дамыту, балалардың бойына рухани қазынаны сіңіру және елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, баланың сөйлеу мәнерін жақсарту, көпшілік алдында өзін ұстай білу, жан-жақты дамуына ықпал жасау мақсатында «Мектеп театры» жобасы жүйелі жұмыс жасауда.

"Мектеп театр" жобасының кезекті қойылымы ЖАҢА ЖЫЛ мерекесіне арналды.Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен "ОРМАНДАҒЫ ОҚИҒА" ертегі желісінен қойылым қойылды.