2024-2025 жылдың қысқы демалыс күндеріне орай «Қыста кітап оқимыз,жадымызға тоқимыз» атты акция басталды.
Акцияның мақсаты: Балалардың қысқы демалыс күндерін қызықты да тиімді өткізу.
Қысқы демалыс, жаңа жыл, әдемі шырша, балаларға жақсы көңіл -күй сыйлайды. Балалар мектеп кітапханасынан келіп өздеріне ұнаған кітаптарын алды. Алдағы демалыс күндері үйде мектеп кітапханасынан алған кітаптарын оқып, оқыған кітаптары бойынша видеолар жасайды.



