Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінде 5 қаңтар куні ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері мен ата-аналар қатысты.
Күн тәртібінде
Қорытынды мемлекеттік аттестаттау;
ҰБТ-ға дайындық барысы. Сынама тест қорытындысы;
ҰБТ -2025: Таңдау пәндеріне байланысты мамандықтарға бөлінетін гранттар туралы ақпарат;
Ата-аналар жиналысын мектеп басшысы Ұ.М.Баймбетов ашып, аталған мәселелерге жеке-жеке тоқталды.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Токтамуратова оқушылардың сынама тест көрсеткішімен таныстырды. Сынып жетекшілері ата-аналармен ашық әңгіме жүргізілді. Бітіруші түлектердің сынама тест басында өзін-өзі ұстауы, дайындығы тағы бір пысықталды.
Ата-аналар жиналысының басты мақсаты оқушылардың алдағы сынақтардан сүрінбей өтіп, шығармашылығы мен ізденісі, жүйелі жұмысының нәтижелігі. Әрине, мақсатқа жетуде ата-аналардың да ықпалы зор. Алдағы сынға түлектердің жан-жақты дайын болуы басты назарымызда болмақ.
Мектебімізде қазіргі кезде тәжірибелі, білімді де білікті ұстаздарымыз ҰБТ-ға сапалы дайындықты үздіксіз жүргізіп келеді.
Мемлекеттік гранттар сұранысқа ие мамандықтарға көптеп бөлінетіндігі айтылып өтті. Түлектердің электронды түрде тест тапсыруға дайын болу керектігі маңызды екеніне тоқталды.
Жиналыс соңында ата-ана, оқушы, мектеп үштік одағы бірге жұмыс жасаса биік нәтижелерге қол жеткіземіз деп, алдағы сынға сәттілік тілесті. Тәрбиелі, зейінді ұрпағымыз көп болсын.





