Кәсіби бағдар
Мамандық таңдау
Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде 08.01.2025 жыл күні 9 «Ә» сынып жетекшісі Байдарбесова Салтанат ата-аналар арасында «Мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі» тақырыбында тренинг өткізілді.
Мақсаты: Ата-аналарға оқушының мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін ертерек анықтау керек екенін көрсету. Ата-аналарға жеткіншектердің болашақ мамандықты өз бетімен таңдауға мүмкіндік бере отырып, қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беруіне көмектесу керектігін түсіндіру.
- «Бес қадам» әдісі арқылы ата-ана берілген әріпке сәйкес баласына деген жылы сөздерін, мотивация беретін сөздер арқылы әр қадамды басып өтеді.
- Сәлемдесу. Ата-аналар бір-біріне деген жылы лебіздерін білдірді.
- Топтық жұмыс. Әр топ өзіне берілген тақырыпта өз ойларын, пікірлерін білдіріп, сұрақтарға жауап берді.
- «Мамандықтар» тақырыбында көрме ұйымдастырып, таныстырылды.
- "Сиқырлы қобдиша" әдісі арқылы әр ата-анаға жарқын жүзді, жүрегі жақсылыққа толы, баласы үшін барын беретін ата-ана екеніне көз жеткізе отырып, жағымды көңіл-күй қалыптасты.



