Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің ағылшын тілі пән мұғалімдері Дандесова Мереке мен Айтхожаева Айжанның ұйымдастыруымен 13 қаңтар күні "English around the world" тақырыбында ағылшын тілі апталығының ашылу салтанаты өтті.
Ағылшын тілі әлемдік тіл болғандықтан оны қазіргі күні білмеу - үлкен мәселе.
Іс - шараның мақсаты: Тілдің маңыздылығын түсіндіру, қолданыс аясының кеңдігін көрсету,байланыс құралы екендігін дәлелдеу.
Оқушылар өзге тілде ән айтып, қойылымдар қойып, қызықты ойындар ойнатылды.
Еркін TED Х форматта "Why I love learning English?", "The Power of English in the 21st century" тақырыбында Бағдатұлы Жасұлан, Манат Дана, Тиышбай Инабат өз ойларымен ашық бөлісе алды.
Елтану бойынша сұрақтар қойылып, оқушылардың білімі сараланды.
Іс -шара өте жоғары деңгейде өтілді



