Тәуелсіздік - бұл кеудеңді көтере, мақтана айта алатын қасиетті ұғым. Жәй ғана ұғым емес, аса қадірлі ұғым. Бүгінде біз толайым табыстарымызды саралайтын, алдағы бағындырар биігімізді межелейтін кезеңге келіп отырмыз. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесі, бүкілхалықтық ұлы мереке, ұлы той және солай болуы заңды да.
Ел тәуелсіздігінің тұғырлы, мемлекетіміздің қарқынды дамуында тұңғыш президенттің рөлі орасан зор. Қазақтың байтақ жері – бабадан қалған ең асыл қазына. Бұл – қазақ жері. Бізге мирас болып жеткен ұлан-ғайыр жерді түлету мен дамыту жолында елбасы аянып қалмады.



