oC

28 қаңтар - Қаржылық Мониторинг Агенттігінің құрылған күні. Аталған іс-шара осы күн қарсаңында ұйымдастырылды.

Негізгі мақсаты: мектеп оқушыларына қазіргі уақытта кең тарап келе жатқан қаржылық алаяқтық пен цифрлік гигиена ұғымдарын түсіндіру.

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға анықтаушысы Сағындықова Гүлназ Сламқызы 5-6-7 сынып оқушыларымен кездесіп, жеке деректерді қорғау, кибербуллинг, қауіпті сайттарға кірмеу, цифрлық қауіпсіздікті сақтау, жеке дереккөздерді таратпау, әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану, т.б.жөнінде ақпараттар берді.

Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, кері байланыс жүргізді.