Қаржылық сауаттылық – табысты өмірдің басты құралы!
Оқушыларды қаржы әлемімен,ақшаның қызметі, оны дұрыс басқару және үнемдеу жолдарын үйрету мақсатында 6 сыныптар арасында Мөлдір Әбдір шара ұйымдастырды.
Бұл сабақтың негізгі мақсаты – балаларға ақшаны тиімді пайдалану дағдыларын ерте жастан бойына сіңіру болды.
Оқушылар келесі сұрақтар бойынша өз ойларын ортаға салды:
- Қаржылық білім не үшін қажет деп ойлайсың?
- Қаржылық сауаттылық дегеніміз не
- Ақша қалай үнемдеу керек?
- Қаржылық мақсат қою дегеніміз не, сенің мақсатың қандай?
Топтық талқылау барысында оқушылар өз пікірлерін еркін білдіріп, қаржыны дұрыс жоспарлау туралы қызықты идеяларымен бөлісті. Әртүрлі банкнот үлгілерімен жұмыс істей отырып, олар ақшаны қайда және қалай жұмсайтынын талқылады. Сабақ соңында қаржыға қатысты жаңа ұғымдар мен терминдерді бекіту мақсатында тест өткізілді.
Бұл сабақ балаларға тек қаржылық сауаттылықты ғана үйретіп қоймай, болашақта өз қаржысын тиімді басқаруға сенімділік берді. Оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдануға асыққанын байқау – ұстаз ретінде ең үлкен жетістік!
Білімді, қаржылық сауатты ұрпақ – елдің жарқын болашағының кепілі!




