oC

#Заңментәртіп

#АдалАзамат

#Әділдік

#Жауапкершілік

#ЗАКОНИПОРЯДОК

Алаяқтық қылмыстарынан сақ болыңыз!

Қоғамда қазіргі таңда алаяқтықтың алуан түрі таралған. Өзгенің сеніміне кіріп, қаржысын жымқыру ең көп жасалатын қылмыстардың қатарында тұр. Күн өткен сайын қаржы пирамидасының құрығына түсіп, алданушылар саны көбейіп барады.

 Осы тұста, қаржы пирамидасын қалай анықтауға болады?

Олардың жүйесі қандай? Көлеңкедегі құрылтайшылары кімдер?

Тұзаққа түспеу үшін не істеу керек? Мұндай алаяқтықтың жазасы қандай?

Міне, осы сауалдар төңірегінде Қызылорда облыстық полиция департаменті қызметкерлері:  Қызылорда қаласының полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция подполковнигі Каракбаев Ерлан Ермагамбетович,полиция майоры Жакипов Айдын Бекжанович, полиция капитаны Ахметов Бекжан Бөрібекұлы мектеп ұжымына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.