oC

#Заңментәртіп

#АдалАзамат

#Әділдік

#Жауапкершілік

#ЗАКОНИПОРЯДОК

ЖОЛДА ЖҮРСЕҢ, АБАЙ БОЛ!

Балалардың жолда жүру ережесін жатқа білуге, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, көшеде дұрыс жүруді, заңды бұзбау мақсатында «ЖОЛДА ЖҮРСЕҢ, АБАЙ БОЛ!» тақырыбында ақпараттық алаң ұйымдастырылды.

Мектебіміздің «Қозғалыстың жас инспекторлар» жасағы бастауыш сынып оқушыларына түсіндірме жұмысын жүргізді. «Жаяу жіргіншіге арналған 7 ережесі» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп бара жатқан көлікке жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кету салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер көліктің дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір бала ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІН жатқа білу қажет!