oC

 

#біртұтас_тәрбие

#Заңментәртіп

#Әділдік

#Жауапкершілік

#Законипорядок

ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ!

Балалар қауіпсіздігі мен кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық, нашақорлық, буллинг жағдайларын алдын алу және болдырмау мақсатында Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің 8 сынып оқушыларына «Есірткісіз болашақ!» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты:

Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту.

Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Нашақорлықтың алдын алу.

Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.