oC

ww

👩🏻‍🍳Мектепте тегін тамақтандыру сапасына мониторинг📊

🇰🇿Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығының 3-қосымшасы 109 тармағына сәйкес,мектеп асханасына тамақтанудың сапасын бақылау мақсатында (бракераж) комиссия мүшелері, мектеп асханасының санитарлық жағдайы мен тағамның шығу нормасына сәйкестігіне бақылау жүргізді.

🔷Бракераж комиссиясы тарапынан тегін ыстық тамақты ұйымдастыру және оқушылардың тамақтану сапасына жоспарлы тексеріс жүргізілді.

🔹Тексеру барысында:
👩‍🍳Азық-түліктің сақтау шарттары мен жарамдылық мерзімін тексеру;
👩‍🍳Тағамдардың сапасын, дайындалу технологиясын және санитарлық талаптардың орындалуын бақылау;
👩‍🍳Мектеп асханасында азық- түліктердің уақытылы пайдаланылуы.
🔹Тексеру нәтижесінде оқушылардың ас мәзірі бойынша дайындалған тағам түрлерінің бір баланың тамағының өлшемі нормаға сәйкестігі, астың сапасы, асханадағы ауыз судың болуы, жалпы асхананың санитарлық тазалығы, қызметкерлердің сыртқы киім үлгісі барлығы санитарлық талапқа сай. Тыйым салынған тағамдар сатылымда жоқ, тәуліктік сынамалар дұрыс сақталған, асхана мен ас блогында бейне бақылаулар жұмыс жасап тұр.