
#bilimkzo
#біртұтастәрбиe
#балаларкітапханасы
#досболайық
#АдалАзамат
#жасұлан
#мектеппарламенті
📚📚👵🏻"Әжемнің ертегілері"
📚"Балалар кітапханасы" жобасы аясында мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен "23-сәуір-Ұлттық кітап күніне орай" "Балалар әдебиеті-рухани тәрбие бастауы" атты онкүндігінде Әжемнің ертегілері" атты 3-сыныптар арасында сайыс өткізілді. Сайысқа көрермен болып ата-аналарда қатысты.
📌Мақсаты- оқушыларды халық ауыз әдебиетімен таныстыру, ертегілер арқылы олардың рухани дүниесін байыту. 🏆Сайыс 3️⃣ кезеңнен тұрды: 1️⃣ кезең - "Таныстыру". Бұл кезеңде әр топ өздерін топ атауын, ұранын таныстыру болды. 2️⃣ кезең - "Көрініс көрсету". Оқушылар ертегіден шағын сахналық қойылым дайындап, кейіпкерлер образын ашты. Бұл кезеңде актёрлік шеберлік, шығармашылық және топтық жұмыс бағаланды.
3️⃣ кезең- " Ертегіні білесің бе?". Бұл кезеңде оқушыларға ертегі суреттері көрсетіліп қай ертегі екенін табу тапсырылды. 🏆Сайыс қорытындысында жүлделі 🥇, 🥈 және 🥉 орындармен марапатталды. Бұл сайыс оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, сахнада өз ойын еркін жеткізе білуге үйрететін тәрбиелік маңызы зор шара болып табылды.



