oC

wв🧭КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУІ🧭
📌Мектебімізде 11-сынып оқушыларына арналған маңызды кәсіби бағдар беру жұмысы өткізілді. Аталған кездесуге Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің мамандары арнайы келіп, болашақ талапкерлерге жан-жақты ақпарат берді.
📌Кездесу барысында университет өкілдері оқу орнының білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары, грант мүмкіндіктері және студенттік өмірдің ерекшеліктері туралы кеңінен таныстырды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
📚Бұл шараның басты мақсаты – түлектерге 4 таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру, олардың болашақ кәсіби жолын айқындауға көмектесу.
Осындай мазмұнды кездесулер оқушылардың саналы түрде мамандық таңдауына үлкен септігін тигізеді деп сенеміз.
#кәсібибағдарберу