Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары.
Бүгін Қызылорда қалалық "Nur Otan" партиясы және Қалалық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Абылай хан атындағы 140 қазақ орта мектебінде "Nur Otan" партиясының Қызылорда қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ 68-тармағын орындау мақсатында қалада орналасқан мекемелер мен еңбек ұжымдары арасында бес асық пен асық ату ойындарынан командалық жарыс өтті.
Жарысқа 20 команда қатысып, ұлтымыздың құнды мұрасы - ұлттық ойындарды дәріптеп, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Маржан Ботанова мен Сұлтанмұрат Төребеков #ҮздікОйыншы номинациясымен марапатталды.
{gallery}/007/5{/gallery}



