14 наурыз – Көрісу күні құтты болсын!
Бүгін – қазақ халқының береке-бірлікке үндейтін ерекше күні. Көрісу күні адамдар бір-бірімен қол алысып, амандасып, “Жасың құтты болсын!” деп ізгі тілектерін айтады. Бұл күн – сыйластықтың, татулықтың және мейірімділіктің белгісі.
Осы игі дәстүрді дәріптеу мақсатында мектебімізде оқушылар бір-бірімен көрісіп, үлкендерге құрмет көрсетіп, ұлттық құндылықтарды насихаттады.
Баршаңызды Көрісу күнімен құттықтаймыз!
Елімізде әрдайым татулық пен бірлік, шаңырақтарда амандық пен береке болсын!



