Педагогикалық әдеп-орынсыз мінез-құлықтың алдын алу!
Абылай хан атындағы #140 қазақ орта мектебінде білім алушылардың және білім берушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Педагогикалық әдеп және орынсыз мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында ер мұғалімдермен арнайы жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында:
педагогтың кәсіби этикасы мен жауапкершілігі;
білім алушылардың құқықтарын қорғау;
білім берушілердің қауіпсіздігін сақтау;
кез келген құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу шаралары кеңінен талқыланды.
Әріптестерге білім алушылармен қарым-қатынаста заң талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ мұғалімдердің де қауіпсіздігі мен психологиялық жай-күйіне ерекше назар аудару қажеттігі ескертілді.
Қауіпсіз әрі сенімді білім беру ортасын қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз!
#№140 мектеп



