
Абылай хан атындағы №140 орта мектебінің 2026-2027 оқу жылында 1 қыркүйек Білім күніне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі»
1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІ!
1-11 сынып оқушылары үшін «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағатының басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті ұялату, Ата Заңымызды құрметтеуге баулу және ел болашағы үшін адал да жауапты азамат болып қалыптасуына бағыт-бағдар беру.
Сынып сағаттарында:
Ата Заңның қоғамдағы маңызы мен құндылықтары түсіндірілді;
«Адал азамат» ұғымының мәні ашылып, оқушылар белсенді пікір алмасты;
Оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтырды.
Жаңа оқу жылы баршамыз үшін табысты, білімге әрі ізгі істерге толы болсын!



