«Жол тәртібін білейік!»
Бүгін мектебімізде 1-сынып оқушыларына арналған «Жол тәртібін білейік» атты іс-шара өтті!
Жас өрендерімізге жолда жүру ережелерін сақтау - амандықтың кепілі екені түсіндірілді
Іс-шара барысында:
Жол белгілері таныстырылды: Бүлдіршіндер бағдаршам түстерінің мағынасын, жаяу жүргіншілер өткелі мен тыйым салатын, ескертетін белгілерді меңгерді
Алғашқы әскери дайындық мұғалімі оқушыларға жол жүру ережелерінің негізгі талаптарын, жолдан өту кезіндегі қауіпсіздік шараларын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді
Қызықты сұрақ-жауап: Оқушылар өздеріне қойылған сұрақтарға белсенді жауап беріп, жол ережелерін жақсы білетіндерін дәлелдеді.
Балаларымыздың жолдағы қауіпсіздігі - баршамыздың ортақ міндетіміз! Жол тәртібін бірге сақтайық!




