ТІЛ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай мектебімізде 7-сынып оқушылары арасында «Тіл – ұлттың рухани құндылығы» тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті.
Сайысқа қатысушылар өздерінің білімін, тапқырлығын, жылдам ойлау қабілетін және тілге деген қызығушылығын ортаға салды.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды:
1-кезең – «Үш тұғырлы тіл»
Оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі білімдерін сынады.
2-кезең – «Даналық сөздер»
Қанатты сөздер мен мақал-мәтелдердің мағынасын ашып, ой ұшқырлығын көрсетті.
3-кезең – «Жасырын код»
Қатысушылар жасырылған сөздер мен тапсырмаларды шешіп, логикалық қабілеттерін танытты.
4-кезең – «Сөз қоржын»
Сөздік қорларын молайтып, тіл байлығын, сауаттылығы мен тапқырлығын көрсетті.
Сайыс барысында оқушылар белсенділік танытып, әр кезеңде өзара ұйымшылдық пен бәсекелестік рухын көрсете білді.
Тіл - халықтың жаны, ұлттың рухы, елдің баға жетпес қазынасы.
Ана тілімізді құрметтеу, өзге тілдерді меңгеру - білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырудың маңызды негізі.




