«ҚАБІЛЕТ → ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ → МАМАНДЫҚ → БОЛАШАҚ»
Мектебімізде 10-сынып оқушыларының болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына бағыт беру мақсатында кәсіби бағыт-бағдар жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Басты мақсат – әр оқушының өз мүмкіндігін танып, болашақ мамандығын саналы әрі дұрыс таңдауына қолдау көрсету.
Оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттерін анықтау;
Мамандықтар әлемі туралы ақпарат беру;
Қазіргі еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру;
Бейіндік пәндерді дұрыс таңдауға бағыттау;
Жоғары оқу орындары мен колледждердегі білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру жұмыстары қамтылуда.
Кәсіби бағдар беру барысында оқушыларға «Мамандық таңдау – болашақты таңдау» қағидасы негізінде өз қабілеті мен қызығушылығына сай кәсіби бағытты анықтаудың маңыздылығы түсіндірілуде.
Болашаққа бағыт – бүгіннен басталады!




