«Конституция құндылықтары: балалардың әл-ауқаты мен бақытты өмірінің негізі»
Абылай хан атындағы №140 орта мектебінде Отбасы күніне орай 2026 жылғы 10 қыркүйек күні ата-аналарға арналған «Конституция құндылықтары: балалардың әл-ауқаты мен бақытты өмірінің негізі» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыру, жас ұрпақтың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау.
Кездесу барысында мектеп инспекторы А. Нуриддин, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар А. Оспанова және Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Н. Көбегенұлы сөз сөйлеп, ата-аналарға бала қауіпсіздігі, құқықтық сауаттылық, отбасындағы тәрбие мен қолайлы психологиялық ортаның маңызы жөнінде маңызды ақпараттар берді.
Ашық пікір алмасу барысында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандармен пікір алмасты. Баланың бақытты, қауіпсіз әрі жан-жақты дамуы үшін мектеп пен отбасының бірлескен әрекеті маңызды екені атап өтілді.




