«ҰСТАЗ БОЛМАҒАНДА, КІМ БОЛАР ЕДІҢІЗ?»
Мектеп парламенті ұстаздарымызға ерекше әрі қызықты сұрақ қойды:
«Ұстаз болмағанда, кім болар едіңіз?»
Ұстаздарымыз өз армандарын, қызығушылықтарын еске алып, ерекше әрі күтпеген жауаптарымен бөлісті.
Әр жауаптың артында - арман, әр арманның артында - өмір жолы жатыр.
Ұстаздық - жай ғана мамандық емес, ол шәкірт жүрегіне жол табатын үлкен миссия.
Ал біздің ұстаздарымыздың басқа мамандық иесі ретінде қандай болар еді?
Мектеп парламенті ұсынған қызықты сұрақ - қызықты жауаптар!




