1 ҚАЗАН – ҚАРТТАР КҮНІ
1 қазан – Қарттар күніне орай 1 «А» және 4 «Б» сыныптарында шығармашылық жұмыс өткізілді.
Оқушылар өздерінің сүйікті ата-әжелеріне арнап өлеңдер оқып, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, мерекеге орай шығармашылық жұмыстар орындап, өз өнерлері мен қиялдарын ортаға салды.
Шараның басты мақсаты – оқушыларға үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу, ата-әженің тәрбиесі мен өнегесін бағалауды насихаттау.




