«ҰЛЫЛЫҚТЫҢ БАСЫНДА ҰСТАЗ ТҰРАР МӘҢГІЛІК»
Ұстаздар күні мен ардагерлер күніне орай мектебімізде тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар мәңгілік» атты мерекелік іс-шара өтті.
Шараға саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаздарымыз арнайы қонақ болып, ақыл-кеңестерімен бөлісіп, ізгі тілектерін білдірді.
Мектеп директоры Баймбетов Ұлықпан ардагер ұстаздарды мерекемен құттықтап, еңбектеріне алғыс білдіріп, зор денсаулық, отбасыларына амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.
Мерекелік кеш барысында оқушылар ардагер ұстаздарға арнап ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Әсем әндер мен әсерлі қойылымдар кештің сәнін келтіріп, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ұстаз – ұрпаққа жол көрсететін шамшырақ, ал ардагер ұстаз – сол жолдың өнегесі мен тарихы.
Ардагер ұстаздарымыздың еңбегі – кейінгі ұрпаққа үлгі, өнегесі – мәңгілік!




