oC

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА!  

Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 5–7 сынып оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мектеп инспекторы, ҚПБ ҚҚБ ЮПБ УПИ, полиция лейтенанты Нуриддин Арсен оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік, қоғамдық тәртіп ережелері және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдын алу және мектеп ортасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Мұндай профилактикалық жұмыстар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және қауіпсіз орта құруға бағытталған.

                                                               

                             https://www.facebook.com/share/p/1CzQukRSP3/

 

3