ТЕАТР ӨМІРІ – РУХАНИ ҚАЗЫНА!
«Жалқаудың жыры» қойылымы
”Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы “Театр және біз” жобасы аясында мектебіміздің 7-сынып оқушылары театрға барып, өнер әлеміне саяхат жасады. Оқушылар «Жалқаудың жыры» атты қойылымды тамашалап, сахна өнерінің құдіретін сезінді.
Театр – адамды ізгілікке тәрбиелейтін, ой-өрісін кеңейтіп, рухани дүниесін байытатын мәдени орта. Осындай тағылымды қойылымдар оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, жақсы мен жаманды ажырата білуге, өмірден сабақ алуға жетелейді.
Өнерге жақын ұрпақ – рухани бай ұрпақ! Оқушыларымыздың мәдени танымын кеңейтіп, театр өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыра берейік!
#ТеатрӨмірі #ЖалқаудыңЖыры #РуханиҚұндылық #МәдениТәрбие #140мектеп
https://www.facebook.com/share/p/1Dt8XQAbEd/




