oC

 

25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ АСЫҚ АТУ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ!

25 қазан – Республика күніне орай Абылай хан атындағы 140 орта мектепте ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында асық ату ұлттық ойынынан жарыс ұйымдастырылды.

Жарыс барысында оқушылар өздерінің мергендік қабілеттерін, ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетті. Ұлттық ойын арқылы оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиеттер қалыптасып, халқымыздың бай мәдени мұрасына деген құрметі арта түсті.

Асық ату – халқымыздың асыл мұрасы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлттық құндылығымыз!

Ұлттық ойын – ұлт қазынасы!

Республика күні құтты болсын!

#РеспубликаКүні

#АсықАту

#ҰлттықҚұндылық

#140Мектеп

 

                                      https://www.facebook.com/share/r/1A37rx1gzz/

 

1