ҚАЗАҚСТАН – ҚАСИЕТТІ МЕКЕНІМ!
25 қазан – Республика күніне орай мектебімізден ұлттық рухты ұлықтап, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Қазақстан – қасиетті мекенім!» тақырыбында мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті.
Мерекелік шара барысында оқушылар Отанға деген сүйіспеншілікті, елге деген құрметті және туған жердің қадір-қасиетін дәріптейтін сахналық көріністер қойып, әсем әндер шырқап, мың бұралған билерін ұсынды. Әрбір өнер нөмірі туған елге деген мақтаныш сезімін оятып, көрермендерге ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.
Туған жер – тұғырымыз, Қазақстан – мақтанышымыз!
Республика күні – елдігімізді айшықтайтын, тәуелсіздігімізді бағалап, бірлігімізді нығайтатын ұлық мереке. Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, Қазақстанымыздың болашағы жарқын, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Республика күні құтты болсын!
#РеспубликаКүні #ҚазақстанҚасиеттіМекенім
https://www.facebook.com/share/1FVGoqWygW/




