oC

 

ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕГІ ЖАҢА БАҒЫТТАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР

Абылай хан атындағы №140 орта мектепте сынып жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәрбие жұмысын жетілдіру және заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану мақсатында әдістемелік кездесу мен шеберлік сабағы өткізілді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оспанова Айтолқын «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы», «Даналық мектебінің» және «Қауіпсіздік сабақтарын ұйымдастыру» бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған бағыттардың тәрбие үдерісіндегі маңызына, ата-аналармен өзара ынтымақтастықты нығайтуға және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аударылды.

Сонымен қатар Жәлиева Гүлжазира сынып жетекшілерге «AI – сынып жетекшінің көмекшісі» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Сабақ барысында жасанды интеллект құралдарын сынып жетекшінің күнделікті жұмысында тиімді пайдалану, тәрбие іс-шараларын жоспарлау және құжаттар дайындау жұмысын оңтайландыру мүмкіндіктері таныстырылды.

Мұндай әдістемелік кездесулер педагогтердің тәжірибе алмасуына, кәсіби шеберлігін жетілдіруіне және тәрбие жұмысын жаңа деңгейге көтеруіне мүмкіндік береді.

#АбылайХан

#140Мектеп #ӘдістемелікЖұмыс #ТәрбиеЖұмысы #ДаналықМектебі #ҚауіпсіздікСабақтары #ЖасандыИнтеллект #СыныпЖетекші

 

 

                                https://www.facebook.com/share/r/1CRn23Hy3F/

 

1