2021 жылдың 15-20 қараша аралығында Абылай хан атындағы #140 қазақ орта мектебі жоспарына сәйкес ағылшын тілі пән бірлестігінің апталығы жоспарланып, оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, олардың қабілеті мен тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, шет тілін құрметтеуге үйрету, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдылау мақсатында өз жұмыстарын жоспарға сай бастады. Бүгінгі күнге жоспарланған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар жоғары дәрежеде өтті.
Апталықтың салтанатты ашылу рәсімі кезінде оқушыларға түрлі логикалық тапсырмалар, қызықты ребус, кроссвордтар беріліп, 5-9 сынып оқушылары белсенділік танытты.Оқушылар өздерінің ағылшын тілін қалай жақсы көретіндігін дәлелдеп, өз өнерлерін көрсетті.Оқушылар ағылшынша әндерін, таппақтарын, жұмбақтарын, жаңылтпаштарын, мақал-мәтелдерін айтып біздерді қуантты. Апталықтың ашылу барысында ағылшын тілі пәні ӘБ мүшелері “English languagе is a world languagе” тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге әртүрлі суреттері қойылды және тақырыпқа байланысты салған суреттері, қызықты тапсырмалары ілінді.
Оқушылардың белсенділіктері, пәнге деген қызығушылықтары жоғары деңгейде. Бірлестіктің алдағы жұмыстарына сәттілік тілеймін.
{gallery}/007/13{/gallery}



