oC
×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: [ROOT]/images/-2
×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery Pro plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images/-2

? Соңғы жылдары білім  жүйесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар  балаларды сапалы біліммен қамту өзекті мәселенің біріне айналды. Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция үдерістерін  жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі қолға алынып, сапалы жұмыстар жүргізілуде.

 

?Бүгін мектебімізде «ҚОҒАМ, МЕКТЕП, ОТБАСЫ:  оқушы мүддесіне қызмет етеміз» тақырыбындағы #ашық_алаң өтті. Ерекше білім беру қажеттілігі бар  балаларға қазіргі  заманғы  қоғамның қарым-қатынасын өзгертуді іске асыру арқылы балалардың оқу процесінде өз қабілеттері мен жетістіктерге жетуін қамтамасыз ету, ерекше  білім  беру  қажеттілігі  бар  балаларға  жаңаша тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану мақсатындағы ашық алаңға Облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы                                 жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, «Бойтұмар - Ханым» қоғамдық қорының жетекшісі, Қоғамдық келісім КММ директорының орынбасары Ахметова Рахима Қаржаубайқызы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиал доценті, психология  ғ.к. Аяганова Алмагүл Жанділдақызы, Қорқыт Ата университетінің аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Тажиева Зейнар Дастанқызы және қала мектептерінің дефектолог, логопед, психолог мамандары қатысты.                                 

 

? 2 бөлімнен тұратын бүгінгі шараның алғашқы бөлімінде қонақтар «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуда замануи технологияларды қолдану» тақырыбында ерекше білім беруді қажет ететін балалар жұмыстарының көрмесімен танысты. Сонымен қатар мектеп  дефектологы Сейтжаппарова Қарлығаш  «Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың  шығармашылығын дамытудағы ойын терапиясы» тақырыбында түзету сабағын, қазақ тілі пән мұғалімі Абдуллақызы Ұлжан мен  мектеп психологы Рысбаева Фарида  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында   «Ертегілер елінде» тақырыбындағы АРТ терапия жұмыстарын жүргізді.

 

? Оқушылардың бойына отбасылық құндылықтарды  сіңіре отырып, халқымыздың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін қадірлеу, ұлтжанды, отансүйгіштік сезімдерге баулу, тәрбиелеуді мақсат ете отырып құрылған «Отбасы мектеп» штабының жан-жақты, серіктес мекемелері және штаб мүшелерімен біріге атқарған тыңғылықты шаруаларына мектеп директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Мусабаева Айгүл Нажмадинқызы тоқталып, Зейнар Дастанқызы мен Рахима Қаржаубайқызы ZOOM платформасы арқылы қатысып отырған қала мектептерінің 300 ге жуық қызына тәлім мен тәрбиеге толы сөздерін арнады. Арнайы қонағымыз Алмагүл Жанділдақызы  «Оқушы мүддесіне қызмет етеміз» тақырыбында тренинг өтіп, өз тәжірибесімен бөлісті.     

 

?Тағлымы  мол,  өмірлік тәжірибесінен сөз қозған қонақтардың пікірі мектеп қабырғасында жүрген бүгінгі жас өрендеріміздің ертеңгі адал жар, аяулы ана, ардақты әже атануына үлес қосып, оларға тәлім — тәрбие беріп, білім ордасында тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді деп сенім білдерміз.

{gallery}-2{/gallery}