#SCIENCE_FAСTORY ғылыми – зерттеу орталығы
#ЖАС_БИОЛОГ_2021
? Мектеп – білім алушылардың талантын шыңдап, даналардың түлеп ұшар тұғыры. Ұлттың рухани байлығы – білімінде болса, ұстанар бағыты – тәрбиесінде. Ал, білімнің сарқылмас көзі– мектепте.
?Дарынды оқушылардың жан – жақты білім алуына, озық ойлы тұлға болуға тәрбиелеу, сонымнен қатар, «SCIENCE_FAСTORY» ғылыми – зерттеу орталығының ғылыми жоба және олимпиадалық резевке дайындық базасын жинақтау мақсатында 3 желтоқсан күні облыстық «Жас биолог-2021» ғылыми-интеллектуалды сайысы өткізілді. Жас биологтар 5 кезең бойынша сынға түсті.
- Визитка
- Артығын тап
- Терминдер сөйлейді
- Ғалымдар – биоаукционы
- Ұяшық
?Аталмыш сайысқа Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушылары қолдау білдірді. Сайыс қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ орын алған жеңімпаздар облыстық білім басқармасының арнайы дипломдарымен марапатталып, барлық қатысушылар мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс хат иеленді.
І орын- Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебі;
ІІ орын- С.Толыбеков атындағы №3 ақпараттық технология мектеп-лицейі және Ә.Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицей;
ІІІ орын-І.Қабылов атындағы №12 ақпараттық технология мектеп-лицейі, №257 орта мектебі, Жалағаш ауданы, Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейі.
?Облыс көлемінде өткізілген сайыс нағыз мықтылар мен білімді оқушылардың басын қосты. Оқушыларды зияткерлікке үйретуде ғылыми сайыстардың алар орны ерекше. Сондықтан, осындай сайыстарды үнемі өткізіп, нәтижелі жұмыс жасаймыз деп сенеміз.
{gallery}-3{/gallery}



