oC

? ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДАН ІІ ОРЫН

ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА-2021

 

? Ұстаздық- киелі әрі мақтан тұтарлық мамандық. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші,оған бағыт-бағдар беруші. Мектебіміздің ұстаздықтың ұлы қызметінде жүрген мұғалімдеріміздің мақтанарлық жетістіктері көп. «Үздік авторлық бағдарлама-2021» облыстық байқауынан екі оқытушымыз жүлделі орындар алды. 

? Ахметова Жазира Амангелдіқызы-география пәнінің мұғалімі. Педагог-сарапшы санатты ұстаз. Еңбек өтілі-19 жыл. «Туған өлкемді зерттеу». Өлкетану курсына арналған бағдарлама.

?Абдуллақызы Ұлжан-қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі. Санаты: педагог-сарапшы. Еңбек өтілі-7 жыл. «Әбіштану» авторлық бағдарламасы.

Ұстаздарымыздың авторлық бағдарламалары жарық көріп, таратылымға мақұлданды. Тәуелсіз еліміздің тірегі- білімді ұрпақ десек, ал жаңа дәуірдегі өзекті мәселе білім беру  мен ғылымды дамыту. Ғылымды дамыту үшін ұстаздарымыздың атқарып жүрген жұмыстарына сәттілік, шығармашылық табыс тілейміз.