oC

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

ЭССЕ БАЙҚАУЫНАН ІІІ ОРЫН

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл біз үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір.

Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қала мектептері арасындағы "Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік" тақырыбындағы эссе байқауы болып өтті. Байқауға 4 сынып оқушыларынан барлығы 54 оқушы қатысты. Әр мектептің қабілетті бүлдіршіндері шығармашылық тұрғыда сынға түсті.

Аталмыш байқаудан мектебіміздің 4 сынып оқушысы Әскербек Дильназ ІІІ орын иеленді. Қаламы – қарымды, талабы – таудай оқушымыздың шығармашылығы шыңдала берсін деп тілек білдіреміз.

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы болары анық. Жетекшілік жасап, ұстаздық жолда шығармашылық қолдау көрсетіп жүрген бастауыш сынып мұғалімі-Омарқұлова Жадыра апайымызға алғысымыз шексіз.