#ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
ҒЫЛЫМИ ЖОБА БАЙҚАУЫНАН ІІІ ОРЫН
СМАТОВА МАНАТ ШАМБЕКҚЫЗЫ-білікті ұстаз, тәжірибелі мұғалім. Мектеп бағдарламасында қолданыста жүрген «Тарихи тұлғалар және тарихи кезең» қолданбалы курсы, «Әлемдік тарихтың даму циклдары» таңдау курстарының авторы. Қазақстан Оқу Ассоциациясының мүшесі, облыс әкімі грантының иегері.
Манат Сматованың оқушылары республикалық пәндік олимпиадалардың және ғылыми жоба сайыстарының қалалық, облыстық, республикалық кезеңдерінің жүлдегерлері атанған.
Ол-«Самғатқан сан қыранды алтын ұя» кітабының авторы. Манат Шамбекқызы Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі және «Қазақстан Ұстазы» қауымдастығының төсбелгісінің иегері.
Осы тарихи тұлғаның 65 жылдық құрметіне орай өзі қызмет атқарған С.Сейфуллин атындағы 4 ІТ мектеп-лицей базасында 6-7 сынып оқушылары арасында қалалық “Тарих-ғасырлар куәсі” тақырыбында ғылыми жобалар байқауы өткізілген болатын. Аталмыш байқаудан мектебіміздің жас ғалымы Көлбай Айару ІІІ орын иеленді. Тарихи ізденісте жүрген шәкіртіміздің жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Кенжеғұлова Раушан.
Шәкіртіміз бен ұстазын жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.





