oC

#ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

ОБЛЫСТЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДАН ІІ ОРЫН

Баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар беру қажеттілігін әр мұғалім осыдан-ақ түсінуі керек. Ол үшін дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі, нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай ізденуі, жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы, ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы, оқушымен жиі қарым-қатынаста болуы сияқты талаптарды орындайды. Білікті ұстаз оқушының жас ерекшелігіне сай оқу жүгін анықтап, шығармашылық жұмыстармен толықтырып отырады. Ізденіспен жасалған әр сабақта оқушы мұғалім әрекетіне ілесіп, нәтижелі жетістікке жетіп отырады. Мұғалімнің атқарған еңбегінің жемісі де осында. Қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын оқып-үйреніп, күнделікті сабақтарда шығармашылықпен пайдаланып отырса, нәтижесін берері сөзсіз.

Осы тұста мектебіміздің білікті де білімді ұстазы, Нұрманова Мереке Серікбайқызының еңбегімен бөліскіміз келіп отыр. Ұстаз бақытын шәкірт жетістігінен іздейтіні рас. 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінен мектебіміздің 5 сынып оқушысы Рахымберді Нұрымжан ІІ орын иеленді.

  • Талабы таудай Нұрымжан үздіктер қатарында. Ағылшын пәнін сүйіп оқиды. Ұстазы мен шәкіртін жетістігімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, өсу мен өрлеу тілейміз.