ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП ЖОБАСЫ АЯСЫНДА РЕСПУБЛИКА АҚЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
Мақсаты айқын, жолы жарқын "Оқуға құштар мектеп" жобасының жүйелі жұмысы өз жалғасын тапты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекітіліп, жоба аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге асуы керектігі айтылған болатын. Олардың қатарына #еліміздің_үздік_классиктернің кітаптары, #ана_тіліне_аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге #қазіргі_заманғы_ақын_жазушылардың кітаптары енетін болады.
Бүгін мектебімізде жас ақындармен кездесу өтті. Ақындар қатарында #Семей қаласының ақыны, орталық кітапхана қызметкері Асқарбеков Жақсылық Серікбекұлы, #Нұр_Сұлтан қаласының ақыны, республикалық Егемен Қазақстан газетінің тілшісі Күмісбек Мұхтар Күмісбекұлы, #Көкшетау қаласының ақыны Ықыласов Бек Ноғайбайұлы, Абылайхан Әшімхан #Сыр_ақындары Оралбай Аружан мен Шынжырбай және айтыскер ақын Орынбасар Бексұлтан болды.
Кездесуде ақындар өз шығармашылықтарынан өлеңдерін оқып, оқушылармен ашық, еркін пікір алмасты. Сөз барысында өскелең ұрпақты кітап оқуға, кітаппен дос болуға шақырды. Кеш қонақтарына естелік кітаптар сыйлап, жақсы көңіл-күйде тарқастық.
{gallery}-11{/gallery}



